27.04.2021, 9:55
Оқылды: 95

ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында өңіріміздегі ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі.

тенге1000000

Майдангерлерге қоса Жеңіс күніне орай әлеуметтік көмекті қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, фашистік концлагерьлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындары, Кеңес әскерінің ерікті жалданушы құрамының сапында болғандар алады. Оларға 120 мың теңгеден қаралған. Ал қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдеріне және тылда жұмыс істегендерге 30 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары 60 мың теңгеден, таулы Қарабақта, Иракта және Тәжік-Ауған аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер 30 мың теңгеден алады. Осылайша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар санатындағы 5 495 батысқазақстандыққа жергілікті бюджеттен 211,9 млн теңге бөлініп отыр.

Айта кетейік, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге (фашистік лагерьлердің тұтқындары, қоршаудағы Ленинград тұрғындары) 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Мәди Ықылас

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале