Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» – 2024 Ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды.
Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Үркер» – 2024 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді.
Жеңімпаздарға «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық «Үркер» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
Байқау ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.