25.08.2023, 12:30
Оқылды: 45

US Open-нің негізгі жеребесі тартылды: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

АҚШ ашық чемпионаты ірктеу кезеңінің екінші айналымында Тимофей Скатов италиялық Рауль Бранкаччодан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Тимофейдің Нью-Йорктегі келесі қарсыласы АТР 250 Astana Open 2021 турнирінің финалисті Джеймс Дакворт (Аустралия).

timofey_skatov_us_op_1692935936

Фото: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте (АҚШ) «Үлкен дулыға» санатындағы US Open турнирі өтеді.

 Жарыстың негізгі жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 37-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен ойнайды. Матч 28 тамызда өтеді.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 79-ракеткасы) алғашқы раундында  италиялық теннисші Мартина Тревизанмен (әлемнің 53-ракеткасы) ойнайды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик аустриялық Доминик Тиммен (әлемнің 82-ракеткасы) ойнайтын болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале