Алдағы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Оралдағы Достық даңғылында қазақтың үш батыр қызына ескерткіші орнатылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, 2015 жылы ақпан айында батыр қыздарға композиция орнату жөнінде мәселе көтеріліп, арнайы комиссиямен бес жоба қаралды. Таңдау мүсінші Нұрлан Далбайдың жобасына түсті. Биіктігі бес метрлік ескерткіш композицияда ортада Мәншүк Мәметова, оның екі жағына Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанованың бейнелері сомдалған. Композиция Астанада қоладан құйылуда. Жобаға облыстық бюджеттен 139 млн. теңге бөлінген. Ал Мәншүктің бұрынғы ескерткіші реставрацияланып, одан кейін аудандардың біріне беріледі.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
«Орал өңірі»
zhaikpress.kz