22.04.2021, 23:46
Оқылды: 229

Үш бөлмелі пәтер сыйлады

Ақпан айында Орал – Атырау тасжолы бойындағы  жантүршігерлік жол апатының салдарынан Ақжайық ауданы Базартөбе ауылынан бес адам қайтыс болғанын жазғанбыз. Қайтыс болғандардың арасында төрт перзентті өзі тәрбиелеп жүрген Нағима Сәрсенғалиева да бар еді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сол отбасының қамкөңіл ұл-қыздарына қоғам белсендісі, экономист Дәулет Төлеутайұлының бастамасымен құрылған «Dauletten» қайырымдылық қоры баспана сыйлады. 

 дом от фонда даулеттен (1)

– Қазақ қашан да бауырмал халық қой. Бұл баспанаға ынтымақтың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Баспананың кілті осы отбасының ең кенже қызы Перизатқа табысталады. Бұл балалар болашақта бақытты, ғұмырлары ұзақ болсын. Ата-анасы көрмеген қуанышты перзенттеріне көруге жазсын, - деді баспана кілтін табыстаған Орал қалалық мәслихатының депутаты Арман Биғалиев.

Теміржол вокзалы ауданындағы тұрғын үйден берілген пәтер үш бөлмелі. Балалардың үлкені Гүлжауһар 23 жаста екен. Тұрмысқа шыққан. Аналарының қазасынан кейін жұбайы Жандос екеуі бауырларын өз  қамқорлықтарына  алыпты.

– Әкеміз осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған еді. Анамыз жол апатына ұшырағанын естігенде есеңгіреп қалдық. Содан жұбайым екеуміз екі сіңілім мен інімді өз қамқорлығымызға алдық. Өзімнен кейінгі бауырым 20 жаста болса, сіңлілерім 12-де және 8-де. Соңымнан ерген бауырларымды ешкімнен кем қылмай өсіретін боламыз. Бауырларымды қолдап, баспана алып беруге үлес қосқан барша азаматтарға алғысым зор, - деді Гүлжауһар Орақаева.

 

Гүлсезім Ерболатқызы,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале