Бұл соғыстан кейінгі бейбіт заманның нышаны бар 1956 жыл еді. Сол жылдан бастап Жұмағұл шопан атанып, ұжымшардың қойын бақты. Баласы Орашты қасына алып, атакәсіп – мал бағудың қыр-сырын үйретті. Елі үшін еткен еңбегі еш болмаған Жұмағұл атамыз сол жылдары Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Кейін зейнетке шығып, қолындағы малшы таяғын баласына берген Жұмағұл ақсақал кейінгі ұрпақтары да осы кәсіппен айналысады деп ойламаған да шығар. Мал бағып, құт дарыған қара орын да ауылдастар арасында Жұмағұл қыстағы атануы да заңдылық болар?
Нәсібін атакәсіптен тапқан, ерен еңбек һәм ұрпақтар сабақтастығына жалғасқан әулет туралы облыстық «Орал өңірі» газетінің №101 санында жарияланған казталовтық Қайрат Жақыптың «Үш түліктің бабын тапқан әулет» атты мақаласын оқыңыз, оқырман!
zhaikpress.kz