5.09.2022, 13:02
Оқылды: 68

Үшемдер үйге шықты

Орал қаласында шілде айының басында дүниеге келген үшемдер бүгін перинатальдық орталықтан үйге шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер мен жас ананың денсаулығы жақсы көрінеді.

егіздер мамасы
Сисенғалиевтар отбасында бұған дейін де егіз ұл дүниеге келген екен. Олардың жасы қазір бесте. Ал аналары Шынар Сисенғалиева болса үшемді дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанып отыр. Шынардың жасы 33-те.

«Жағдайым жақсы, сәбилер де жаман емес. Бізге қолдау, көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысым шексіз. Біз бұл орталықта екі ай жаттық, енді, міне, үйге шығып жатырмыз. Ең үлкен қызым 12-де, одан кейін 9 жасар ер бала және 5 жасар егіз ұлдарымыз бар»,-дейді үшемдердің анасы Шынар.

егіздер өзі
Бұл облыс бойынша екінші үшем. Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері 41 егіз дүние есігін ашқан. Әр шаңырақты қуанышқа бөлейтін сәбилердің күтімі мен денсаулығына жауапты дәрігерлер болса қуанышты күнді былай деп еске алады:

дәрігер егіздер
«Балалар уақытынан бұрын дүниеге келді. Олар бізге Ақжайық аудандық ауруханасынан санавиациямен жеткізілді. Бірінші болып дүниеге келген Ерназ Бейбіт, екіншісі Айназ Бейбіт, үшінші сәби Алмаз Бейбіт. Сәбилердің қазіргі жағдайы жақсы. Олар басында жан сақтау бөлімінде, кейін салмақ қосу үшін дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір аналарының да, сәбидің де жағдайлары қанағаттанарлық. Енді тек күтіну керек»,- дейді дәрігер Гүлжанат Кубенкулова.

папасы

Үшемдердің әкесі ішкі істер саласында қызмет атқарады. Жас отбасы Ақжайық ауданында тұрып жатыр. Үшемдердің әкесі жағынан дүниеге келген егіздер бар дейді туыстары.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале