25.12.2020, 11:14
Оқылды: 41

Ұстаз. Ғалым. Азамат

Азамат атану – үлкен абырой. Ол – елге сіңірген еңбегімен ғана бағаланады, алтынға айырбасталмайды, ақшаға сатылмайды. Қолдарынан келсе, әркім көпшіліктің қошеметіне бөленіп, халықтың мақтанышына айналуына құмар-ақ. Бірақ, бұл – екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Ол үшін «халық» деген қастерлі ұғымды бек тұтып, көп тер төгуге тура келеді. Ел ағасы қашанда қиындық кезінде шыңдалады, сын сағаттарда  бой тасалап қалмайды, ертеңгі тағдырымен де есептеспейді. Ақыры осы бір  тынымсыздық оны адамгершілік асыл мұраттар мінбесіне алып шығады, сөйтіп, өзі де өзгелер үлгі-өнеге алатындай толымды тұлғаға айналады.

аз1

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 43 жылдан астам табан аудармай қызмет жасап келе жатқан Балуаш Траисов туралы облыстық «Орал өңірі» газетінің №102 санында жарық көрген Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың құрметті ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі Қазыбай Бозымовтың «Ұстаз. Ғалым. Азамат» атты мақаласынан толығырақ оқи аласыздар!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале