3.09.2021, 9:25
Оқылды: 173

Ұстазға тағзым

Осыдан бірер күн бұрын М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоратының қолдауымен, өңір басшыларының ықпалымен үлкен-кіші қадір тұтатын  ұстаз Серікқали Ғабдешұлы Шарабасовқа өзі біраз жыл тұрған көп қабатты үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

шарабасов шарасы2

Тағылымды шараға ақын Ақұштап Бақтыгереева, қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, М.Өтемісов атындағы БҚУ ұжымы, ұстаздың шәкірттері қатысты.

– Біз университеттің тарихымен, түлектерімен және оқу орнының қалыптасып, дамуына зор еңбек сіңірген педагог-ғалымдарымызбен мақтанар болсақ, солардыңбірі де бірегейі – профессор Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы. Ол – әдебиетші ғалым, ұлағатты ұстаз, ел сыйлаған тұлға.
Университетін қадірлеп, әр кез биік тұғырда болуына зор еңбек сіңірді.  Студенттерін ерекше жақсы көрді. Шәкірттері де оны айрықша құрмет тұтты.  Серікқали Ғабдешұлының соңында жақсы сөзі, ұстаздық ізі қалды. Ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалымдарға деген құрмет қашанда жалғасын табады. Ағайдың өзі тұрған қара шаңырағына бүгін мемориалды тақтаның орнатылуы елеулі еңбектің ескерусіз қалмайтындығының бір көрінісі, – деп атап өтті университет ректоры Н.Серғалиев.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале