Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды, - деп жазады olympic.kz.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында қарсыластарынан басым түсті.
Жарыс барысында Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Финалда жергілікті спортшы Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 есебімен (11:7, 11:3, 11:7) ұтты.
Қазіргі таңда Жәния Бекмұхамбетова әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.