5.06.2024, 9:45
Оқылды: 15

Утилизациялық алымнан «Жасыл дамуға» түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалады – Роман Скляр

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында кәдеге жарату алымын енгізу себептерін түсіндірді. Еліміз ДСҰ-ға кіргенге дейін кедендік баж салығы автокөліктерге 30% құрады, қаражат бюджетке түсті.

96FA4F61-F275-4CFD-90FE-0D83ABD4BB63

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметінен

«Қазақстан ДСҰ-ға кіру арқылы өзіне міндеттемелер алып, өз нарығын ашты. Кедендік баж салығы 15%-ды құрады. Дегенмен, көлік шығаратын және кәдеге жарату алымын енгізген Ресей Федерациясымен және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, біз бұдан қалыс қала алмаймыз. Олар утилалымын енгізді, жауап ретінде біз де бұл төлемді енгіздік. Бірақ содан кейін Экологиялық кодексте жеке ӨКМ операторы осы жанама салықтан келетін қаражатты басқаратын норма болды. Жағдайды 2022 жылы түзетті, қазір экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Жасыл даму» АҚ атынан мемлекет тікелей бенефициар болып табылады», - деді ол.

Бірінші вице-премьер жанама салық түрінде түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалатынын атап өтті. «Жасыл даму» АҚ мұны жыл сайын өз есептерінде көрсетеді. Сонымен бірге отандық автопаркті жаңарту, қалдықтарды қайта өңдеу саласын қалыптастыру және өз өндірісін дамыту бойынша басқа да міндеттер шешілуде.

Мәселен, 2022 жылы жеңілдетілген автокредит беруге 100 млрд теңге, автобус лизингіне – 30 млрд теңге бағытталды. Тракторлар мен комбайндардың лизингіне 2023 жылы 50 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, өңдеу саласын қаржыландыруға 265 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде: 185 млрд – қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға, 50 млрд теңге – ҚР ТЖМ негізгі құралдарын жаңартуға, 15 млрд – автобус лизингіне, 10 млрд – орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары үшін өртке қарсы техниканы сатып алуға жұмсалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале