Ол 2022 жылғы 6-8 қыркүйекте Астана қаласында 5G/IMT-2020 желілерін іске қосу мәселелері бойынша Халықаралық электрбайланыс одағы тренинг өткізгенін атап өтті.
Оның аясында шетелдік сарапшылар 1995-2018 жылдар аралығында мобильді коммуникацияларға жүргізілген зерттеудің (2 мың 900-ден астам зерттеу) қорытындысын және адамға электромагнит өрісінің әсерін зерттеуге арналған 30 мыңға жуық мақала жариялағанын еске салды.
«Ұялы байланыстың радиожиілік электромагнит өрістері толқынының адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсеріне қатысты жүргізілген халықаралық зерттеулер олардың арасынан тікелей байланыс таппады», - деді Үкімет басшысы.