6.10.2021, 14:53
Оқылды: 141

Үздік колледждер анықталды

Ел  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты ІV облыстық фестивалі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Жетістіктер дефилесі» облыстық байқауы өтті.

7A0C87DE-E626-4617-99CE-A41C456BA8E3

Басты мақсат – кәсіптік білім беру ұйымдарының тәжірибе бөлісуіне қолдау көрсету, кәсіптік білім саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту, басқару және педагогикалық шеберлік тұрғысынан ең үздік жұмыстарды анықтау және олардың іс-тәжірибелерін таратуды қамтамасыз ету. Байқауға қатысқан 16 білім беру ұйымы екі тур бойынша сынға түсті. Олардың жұмысына облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы, М.Өтемісов атындағы БҚУ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» мамандарынан құралған сараптамалық топ баға берді.

3C2A66D9-9506-43DE-BE3A-EB8114030A37

Сейсенбі күні облыстық білім басқармасының ғимаратында «Жетістіктер дефилесінің» үздіктері марапатталды. Сараптамалық топтың шешіміне сәйкес бас жүлдені Жоғары  аграрлық-техникалық колледж, I орынды Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, II орынды М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, III орынды Орал «Сервис» технологиялар колледжі иеленді. Марапаттау рәсіміне арнайы шақырылған ардагерлер Ж.Есқалиев, Б.Какимова, И.Кальченко және Н.Галиеваға білім басқармасының алғысхаты мен гүл шоқтары табысталды. Шара соңында ардагерлер мен колледж басшылары өзара пікір алмасты.

 Нұрлан Ғаппар,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале