31.01.2022, 10:40
Оқылды: 73

«Үздік жас фотограф»

Жас фотограф Ермахан Аманкелді – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультеті «Филология: қазақ тілі» мамандығының 4-курс студенті.

511457EE-A58D-4F19-9B3E-BD50204A2BFB

Алғашында айналасындағы қайталанбас сәттерді суретке түсіре бастаған Ермахан 2018 жылдан бастап фотоөнермен кәсіби түрде айналысып келеді. Талпынысы да зая кетіп жүрмеген секілді. Мәселен, 2020 жылы instagram әлеуметтік желі-сінде дауыс беру арқылы анықталған облыстық «Жыл үздігі – 2020» байқауында жеңіске жеткен. 2021 жылы Орал қаласында өт-
кен «Best of the West» премиясында «Үздік жас фотограф» атанған. Суретке түсіру арқылы табыс табамын деп ойламаған Ермаханның әуел баста арнайы фотоаппараты болмаған. Алайда оны алға қойған мақсаты мен тынымсыз еңбегі бірталай жетістіктерге жеткізген.

– Алдымен оқып жүрген мамандығыма уақыт бөліп, бос уақытымда осындай кәсіппен айналысамын. Жыл мезгілдеріне байланысты тапсырыстар саны мен табыс көзі әр кезде әрқалай. Кейде мүлде шақыртулар келмей қалса, енді бірде үлгере алмай жатамын. Елімізде біз секілді жастарға мүмкіндіктер көп. Қазір біз үшін ең үлкен мүмкіндік – уақыт. Уақыт біздің таңдау жасауымызға жол ашып тұр. Сондықтан түрлі саланың қыр-сырына қанық боп, жаныңа жақын істі меңгеріп, жаңа дүниелерді көре білген дұрыс. Тек әркім өзінің жаны қалаған іспен айналысуы керек деп ойлаймын, – дейді Ермахан Боранбайұлы.  

 Нұртілеу Қадырқұл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале