Ресейде вакцина алған адамдарға күнделікті телефон арқылы хабарласып, зерттеп-қарау жүргізіледі. Бізде де осындай техникалық сәттер қарастырылған.
Вакцина алған барлық адам алғашқы 30 минут бойы медициналық мекеменің қабырғасында, дәрігердің бақылауында болады. Одан әрі 3 күн бойы тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.
zhaikpress.kz