25.11.2021, 11:26
Оқылды: 37

Венгрия Қытай мен Ресейден вакцина сатып алудан бас тартты

Венгрия бұдан былай Ресей мен Қытайдан вакцина сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euractiv-ке сілтеме жасап.

photo_90284

Венгрия Еуропалық Одақтың вакцина сатып алудағы келесі кезеңдеріне қатыспайтынын, қазіргі уақытта елде жеткілікті деңгейде дәрі-дәрмек бар екенін мәлімдеді.

"Үкімет Еуроодақта вакцина сатып алудың екінші кезеңіне қатыспау туралы жауапты шешім қабылдады", - деді Венгрия премьер-министрі әкімшілігінің басшысы Гергели Гуяш.

Оның айтуынша, қазір елде 10 миллион доза вакцина бар, ол тіпті үшінші дозаға да жетеді. Бұл ретте Сыртқы істер министрі Питер Сиярто Ресей мен Қытайдан 5 миллион доза вакцина сатып алу туралы кезекті тапсырыстың кері қайтарылатынын хабарлады.

"Қазір біз "Спутникпен" де, Sinopharm-мен де Венгрияға жаңа жеткізілімдер туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз. Вакцинаның келесі партиясында шығыстан вакцина болмауы мүмкін. "Спутник" және Sinopharm жеткізушілері біз бұрын қол қойған келісімшарттарды орындады", - деп түсіндірді Сийярто.

Еске салайық, Венгрия 2020 жылдың қарашасында зерттеу үшін "Спутник V" вакцинасының үлгілерін алған ЕО-ның алғашқы елі болды. 2021 жылдың басында Венгрияның Ұлттық денсаулық орталығы ресейлік "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасын пайдалануға рұқсат берді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале