Вьетнамның оңтүстігінде караоке-барда 32 адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Euronews.com.
Өрт 6 қыркүйек күні кешке қарай ғимараттың екінші қабатынан шыққан. Қою түтін әп-сәтте саты мен апат болған жағдайда шығатын жолды тұмшалап үлгерген. Клиенттер мен караоке-бардың қызметшілері осылайша қамалып қалған.
Олардың кейбірі оттан қашам деп балконнан секіріп, жан сауғалаған.
Полицияның мәліметінше, ішке кіретін жол әлі де жабық. Сондықтан құрбандардың саны бұдан да артуы мүмкін.