Құрметті өңір тұрғындары!
Желтоқсанның 5-і күні ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шаққалиев Орал қаласында болып, азаматтар және қоғам өкілдерімен кездеседі.
Вице-министр жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдап, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдар, са-лалық қауымдастықтар және т. б.) бизнес қоғамдастығының өкілдерімен кездесулер өткізбек.
Негізгі іс-шаралардың легі Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтеді. Бизнес-қоғамдастық, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу сағат 14.30-15.10, баспасөз мәслихаты 15.10-15.30, азаматтарды қабылдау 15.30-16.00 уақыт аралығында өтеді деп күтілуде.
Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz