4.04.2022, 9:00
Оқылды: 67

Волонтерлік штаб құрылды

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде көмек көрсетуге арналған волотерлік штаб құрылды. Облыс бойынша штабты жастар ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров басқарады. Штаб Ғ.Қараш көшесі, 16 үй мекенжайы бойынша облыстық теннис орталығында орналасқан.

WhatsApp Image 2022-04-04 at 06.39.06

Қазіргі таңда Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының әрқайсысында 30 адамнан құралған волонтерлік топтар қызмет атқаруда. Олардың негізгі жұмысы зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсету болып табылады.

WhatsApp Image 2022-04-04 at 06.39.06 (2)

Сонымен қатар Орал қаласында 100-ден астам волонтер көмек көрсетуге дайын.

Волонтерлік штаб облыс тұрғындарынан киім-кешек, тез бұзылмайтын тағамдар, дәрілік және жеке гигиеналық заттар және басқа да алғашқы керек заттарды қабылдауды жалғастыруда. Жеткілікті деңгейде жиналған соң аталған аймақтарға жөнелтіледі.

24f5ea61-b4c2-44d6-a714-16a3063d6ba5

Қосымша сұрақтар бойынша штаб жетекшісі Ә.Зұлхаров, ұялы телефон: 8708 704 77 78.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале