WhatsApp мессенджері – күн сайын миллиондаған адамдар бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу және бөлісу үшін пайдаланатын ең танымал мессенджер. Бұл мессенджердің халық арасындағы танымалдығы алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ.
Бұл материалда Fingramota.kz-пен бірге азаматтардың аккаунттарын бұзудың және қадағалаудың ең кең таралған тәсілдерін қарастырамыз, сонымен қатар алаяқтардың айла-амалдарынан қорғану үшін практикалық кеңестер береміз.
Әлемдік компаниялардың ІТ-қауіпсіздік қызметі қаншалықты белсенді жұмыс істесе де, алаяқтар әлі де адамдардың WhatsApp-тағы есептік жазбасын бұзудың және оны қадағалап отырудың жолдарын табуда. Мессенджер әзірлеушілері пайдаланушылардың деректерін шифрлау жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті жұмыс істейді, бұл алаяқтардың жұмысын қиындатады, дегенмен хакерлер өздерінің жеке мақсаттарын жүзеге асырудың түрлі амалдарын табады.
Телефонда WhatsApp-тағы есептік жазбаны бұзу үшін құрылғыға кіру қажет. Ең қарапайым әдістердің бірі – телефонға шпиондық бағдарлама орнату. Бүгінгі күні оның құрылғыдағы белсенділігін қадағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін көптеген осындай қосымшалар бар. Мұндай қосымшалар көптеген елдерде заңсыз деп танылады және бұғатталады. Мысалы, алаяқтар азаматтарды алдаудың фишинг немесе вишинг сияқты танымал әдістерін белсенді түрде қолданады. Қажетті ақпаратты алу үшін алаяқтар пайдаланушыларға қоңырау шалады немесе сілтемелер жіберуі мүмкін.
Бір реттік код арқылы WhatsApр-ты қалай бұзуға болатыны туралы бірнеше сценарийді қарастырайық.
Әдетте, бұл жағдайда олар сіздің досыңыздың аккаунты арқылы жазады, ол қазірдің өзінде бұзылған. Бірақ бұл WhatsApp-ты бұзудың жалғыз жолы емес.
Егер сіз осы кодты жіберетін болсаңыз, онда алаяқтар сіздің есептік жазбаңызға автоматты түрде қол жеткізеді.
Соңғы уақытта мұндай хабарлар көпшілік сипатқа ие болып отыр, хакерлер пайдаланушының WhatsApp желісін бұзып, оның атынан достарына, әріптестеріне немесе туыстарына белгілі бір ақша сомасын қарызға сұрап хабарлар таратады. Мұндай қулықты түсінбей, көп адам ақша жібереді, ал барлығы әшкере болған уақытта ештеңе істей алмайды.
Алаяқтықтан қалай қорғануға болады?
Ең алдымен сақ болу керек және егер мынадай жағдайларда әңгімелесуді дереу тоқтату қажет:
Өзіңіздің WhatsApp аккаунтыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай ұсынымдарды пайдалану қажет:
Телефоныңызға қол жеткізу үшін басқа адамға рұқсат берген уақытта сақ болыңыз. WhatsApp желісіне есептік жазбаның бұзылуы елеулі салдарларға әкелуі мүмкін, сондықтан өзіңіздің қауіпсіздігіңіздің тікелей өзіңізге байланысты екенін естен шығармау керек.
Fingramota.kz