21.12.2023, 11:52
Оқылды: 81

WhatsApp мессенджері арқылы алаяқтық схемалар қандай?

WhatsApp мессенджері – күн сайын миллиондаған адамдар бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу және бөлісу үшін пайдаланатын ең танымал мессенджер. Бұл мессенджердің халық арасындағы танымалдығы алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ.

Бұл материалда Fingramota.kz-пен бірге азаматтардың аккаунттарын бұзудың және қадағалаудың ең кең таралған тәсілдерін қарастырамыз, сонымен қатар алаяқтардың айла-амалдарынан қорғану үшін практикалық кеңестер береміз.

8e93319a-994b-4d2f-844b-7a3f50251fc2

Әлемдік компаниялардың ІТ-қауіпсіздік қызметі қаншалықты белсенді жұмыс істесе де, алаяқтар әлі де адамдардың WhatsApp-тағы есептік жазбасын бұзудың және оны қадағалап отырудың жолдарын табуда. Мессенджер әзірлеушілері пайдаланушылардың деректерін шифрлау жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті жұмыс істейді, бұл алаяқтардың жұмысын қиындатады, дегенмен хакерлер өздерінің жеке мақсаттарын жүзеге асырудың түрлі амалдарын табады.

Телефонда WhatsApp-тағы есептік жазбаны бұзу үшін құрылғыға кіру қажет. Ең қарапайым әдістердің бірі – телефонға шпиондық бағдарлама орнату. Бүгінгі күні оның құрылғыдағы белсенділігін қадағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін көптеген осындай қосымшалар бар.  Мұндай қосымшалар көптеген елдерде заңсыз деп танылады және бұғатталады. Мысалы, алаяқтар азаматтарды алдаудың фишинг немесе вишинг сияқты танымал әдістерін белсенді түрде қолданады. Қажетті ақпаратты алу үшін алаяқтар пайдаланушыларға қоңырау шалады немесе сілтемелер жіберуі мүмкін.

Бір реттік код арқылы WhatsApр-ты қалай бұзуға болатыны туралы бірнеше сценарийді қарастырайық.

  1. WhatsApр мессенджерін бір реттік код арқылы бұзу. Сіздің телефоныңызға алаяқтар WhatsApр-ты авторизациялайтын коды бар SMS жібереді. Әрі қарай мессенджер арқылы таныс адамнан ол өз шотына кірген кезде кездейсоқ енгізген осы кодты қайта жіберуді сұрайтын хабарлама келеді.

Әдетте, бұл жағдайда олар сіздің досыңыздың аккаунты арқылы жазады, ол қазірдің өзінде бұзылған. Бірақ бұл WhatsApp-ты бұзудың жалғыз жолы емес.

  1. WhatsApр мессенджері арқылы кездесуге шақыру. WhatsApp арқылы алаяқ сіздің танысыңыздан/досыңыздан кездесуге шақыру жібереді. Әрі қарай, алаяқ кафеге/мейрамханаға тапсырыс беру үшін нөмір иесі көрсетілгенін айтып, бронь кодын жіберуді сұрайды.

Егер сіз осы кодты жіберетін болсаңыз, онда алаяқтар сіздің есептік жазбаңызға автоматты түрде қол жеткізеді.

  1. WhatsApр мессенджері арқылы қарызға ақша алу. «Сәлем, қарызға N...сомада ақша бере тұрасың ба. Менің карточкам үйде қалып кетіпті, ақшаны жұбайымның/досымның +7............ нөміріне жібер, кешке қайтарамын».

Соңғы уақытта мұндай хабарлар көпшілік сипатқа ие болып отыр, хакерлер пайдаланушының WhatsApp желісін бұзып, оның атынан достарына, әріптестеріне немесе туыстарына белгілі бір ақша сомасын қарызға сұрап хабарлар таратады. Мұндай қулықты түсінбей, көп адам ақша жібереді, ал барлығы әшкере болған уақытта ештеңе істей алмайды.

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады?

Ең алдымен сақ болу керек және егер мынадай жағдайларда әңгімелесуді дереу тоқтату қажет:

  • психологиялық қысым жасау арқылы асықтырса;
  • қорқытса немесе сөзіне сенуді өтінетін болса;
  • ақша жіберуді, құпиясөзді, PIN-кодты немесе басқа да жеке деректерді айтуды өтінетін болса;
  • сілтемені басуды немесе сілтеме бойынша жаңа функцияларды іске қосуды өтінетін болса;
  • сіздің жеке деректеріңізді, мысалы, кредиттік картаның немесе банктік шоттың нөмірін, туған күніңізді, құпия сөздеріңізді беруді өтінетін болса;
  • пхабарды әрі қарай жіберуді өтінетін болса;
  • WhatsApp желісін пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін төлем жасауды өтінетін болса.

Өзіңіздің WhatsApp аккаунтыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай ұсынымдарды пайдалану қажет:

  1. Диалогты аяқтаңыз және хабарларға жауап беруді тоқтатыңыз. Сізбен әңгімелесуші адамның өтінішін орындамаңыз (мысалы, жеке деректеріңізді бермеңіз, өзіңізге таныс емес сілтемелерге кірмеңіз).
  2. Онымен әрі қарай әңгімелесуді тоқтату үшін күдікті пайдаланушыны бұғаттап тастаңыз және шағым жіберу арқылы WhatsApp-қа хабарлаңыз.
  3. Конфидендиалдылық теңшеулерін реттеңіз және сіздің ақпаратыңызға қол жеткізе алатын пайдаланушылар ауқымын шектеңіз. Өз аккаунтыңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы тексеруді іске қосыңыз.
  4. Ешбір жағдайда ешкімге өзіңіздің тіркеу кодыңызды және екі сатылым тексерудің PIN-кодын айтпаңыз.
  5. Телефоныңызға ешкім қол жеткізе алмау үшін телефоныңызға дауыстық поштаға арналған қиын құпиясөз орнатыңыз.
  6. Өзара байланысты құрылғыларды тұрақты түрде тексеріп отырыңыз. Сіздің WhatsApp аккаунтыңызбен байланысты барлық құрылғыны көру үшін «Теңшеулер»> «Өзара байланысты құрылғылар» дегенге өтіңіз. Өзара байланысты құрылғыны жою үшін «Шығу» дегенді басыңыз.

Телефоныңызға қол жеткізу үшін басқа адамға рұқсат берген уақытта сақ болыңыз. WhatsApp желісіне есептік жазбаның бұзылуы елеулі салдарларға әкелуі мүмкін, сондықтан өзіңіздің қауіпсіздігіңіздің тікелей өзіңізге байланысты екенін естен шығармау керек.

Fingramota.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале