Бұл туралы Twitter мессенджерінде айтылған.
Енді топтық чаттан барлығына ескертпестен, қалаған уақытта шығып кете аласыз. Өйткені чаттан шыққан кезде тек топ әкімшісіне хабарланады, - делінген хабарламада.
WhatsApp веб-сайтында топтан шығу процесі егжей-тегжейлі сипатталады.
Топты жою үшін мессенджер пайдаланушысы әуелі одан шығуы керек:
- әуелі WhatsApp топтық чатын ашып, топтың тақырыбын басу керек немесе чат тізіміндегі топтың үстіне меңзерді апарып, «Мәзір» түймесін басуға болады;
- содан кейін Топтан шығу > шығу тармағын таңдаңыз.
Мессенджер пайдаланушысы топтан шыққаннан кейін оны жою мүмкіндігіне ие болады:
- ол үшін WhatsApp топтық чатын ашып, топтың тақырыбын басу керек немесе чат тізіміндегі топтың үстіне меңзерді апарып, «Мәзір» түймесін басуға болады;
- содан кейін Топты жою > жою тармағын таңдаңыз.
Жоғарыда айтылғандай, егер әкімші топты өшірсе, ол енді оны өзінің чат тізімінен көрмейді және осы топтағы хат алмасу тарихы оның құрылғыларынан жойылады.
Басқа мүшелер топты әлі де чат тізімінде көреді. Алайда хабарлама жіберу мүмкін болмайды, - делінген хабарламада.
Топтан мүшелерді өшіру үшін:
- WhatsApp топтық чатын ашыңыз және топтың тақырыбын басыңыз;
- қатысушы атының жанындағы Мәзір > өшіру > өшіру тармағын таңдаңыз.
Бұған дейін WhatsApp қолданушылары скриншот жасай алмайтыны хабарланған еді. Жаңа мүмкіндік Android үшін WhatsApp бета 2.22.22.3 нұсқасында пайда болды. Пайдаланушылардың кең ауқымы үшін мүмкіндікті іске қосу уақыты әлі белгісіз.