5.05.2023, 9:15
Оқылды: 22

Worldskills аймақтық чемпионаттарына 3500-ден астам студент қатысты

Қазақстанның 17 облысы мен 3 қаласында Worldskills аймақтық чемпионаттары өтті. Оған ел бойынша 3500-ден астам студент, 4000- ға жуық сарапшы, оның ішінде 500-ден астам жұмыс беруші қатысты. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

0eb78e3e1a9d88799f0512d8f46c6b53_1280x720

Жұмысшы мамандар арасындағы «Worldskills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының соңғы апталығы Алматы облысында өтуде. Студенттер электрлік жұмыстар, бизнеске арналған IT шешімдер, веб-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу секілді 30 құзіреттілік бойынша өз шеберліктерін сынға салып жатыр.

Айта кетейік, елімізде 28- наурызда басталған аймақтық WorldSkills чемпионаты мамырдың 5-іне дейін жалғасады. Ал «WorldSkills Қазақстан- 2023» чемпионатының Республикалық кезеңі маусым айында Астана қаласында өтеді.

WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған. Сондай-ақ білікті кадрларды даярлауда жаңа тенденцияларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале