Ақтау қаласында 27-30 қыркүйек күндері өткен «Әбіш әлемі» ІІІ Халықаралық театрлар фестиваліне Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» метафизикасымен қатысты.
Театр актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Хорлан Шамелова «Қарагөз» рөлімен «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясына ие болды.
Театр актері, Мәдениет саласының үздігі Нұржігіт Сейітмаханбетов Әбіш Кекілбаевқа 85 жыл «Ұлы даланың заңғар тұлғасы» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ театр ұжымына «Үздік театр» сыйлығы табысталды.