3.11.2020, 20:22
Оқылды: 64

«Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын - Аида Балаева

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халық арна» телеарнасының ашылуына қатысты пікір білдірді.

656E2328-2125-4363-842F-35182E1A8EFB

«Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халық арна» телеарнасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Халық арна» телеарнасының ұжымын осы тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында заманауи тәсілдерді пайдаланып, оны халыққа жеткізу кезек күттірмейтін үрдістің бірі болуда. Қоғамда адамзатты ізгілік пен бірлікке бастаушы – өнегелі сөз болса, оны халық назарына жеткізуші – телеарна. Қазақстан халқын, соның ішінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуде телеарнаның маңызы өте зор деп білемін«, - деп жазды министр Facebook парақшасында. Аида Балаева «Халық арна» телеарнасы жастардың бойында зайырлы мемлекеттің қағидаттарына сай келетін діни сананы қалыптастыру, сондай-ақ теріс діни ағымдардың арбауынан қорғау мақсатында қомақты үлес қосып, діни-рухани саладағы жетекші арналардың бірі болады деп сенетіндігін білдіреді. «Теларнада дәстүрлі дінмен қатар, мәдени танымдық бағыттағы көрсетілімдерге орын берілгені қалың жұртшылықты қуантады. Себебі, тарихтан тәлім алған жастарымыз ата-бабалар ұстанған дінді, сан ғасырдан бері сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ардақтап, ерекше құрметтейтін болады. Осы ретте, телеарнаның ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын!«, - деді Аида Балаева. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін «Халық арна» телеарнасы ашылды. Телеарнаға қажетті контентті жинақтау жұмысы толық аяқталған. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұқбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көруге болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале