Таяуда Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында белгілі татар ақыны, публицист Ғабдолла Тоқайдың 135 жыл толуына орай «Қайталанбас тұлғалар, қайта оралмас замандар» атты халықаралық онлайн байқауы өтті.
Байқауда 7-8-сыныптардың оқушылары «Татар руханиятының абызы» тақырыбында эссе жолдаса, 10-сынып оқушылары онлайн түрде ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түсті.
Балаларды көркем әдебиет оқуға, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, жазу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуді мақсат еткен байқауға 100-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында Ресейдің Белград, Саратов, Самара, Орынбор қалаларының балғындары да бар.
Байқау қорытындысында эссе жазудан 7-сыныптар бойынша №26 орта мектептің оқушысы Әсемгүл Бекболат, 8-сыныптар бойынша №25 орта мектептің оқушысы Диляра Енғам бірінші орынға ие болды. Ал ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан №46 мектептің 10-сынып оқушысы Перизат Қайрат бірінші орын биігінен көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
zhaikpress