27.04.2021, 0:22
Оқылды: 167

Халықаралық онлайн байқау

Таяуда Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында белгілі татар ақыны, публицист Ғабдолла Тоқайдың 135 жыл толуына орай «Қайталанбас  тұлғалар, қайта оралмас замандар» атты халықаралық онлайн байқауы өтті.

1 (30) (1)

Байқауда 7-8-сыныптардың оқушылары «Татар руханиятының абызы» тақырыбында эссе жолдаса, 10-сынып оқушылары онлайн түрде ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түсті.

Балаларды көркем әдебиет оқуға, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, жазу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуді мақсат еткен байқауға 100-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында Ресейдің Белград, Саратов, Самара, Орынбор қалаларының балғындары да бар.

Байқау қорытындысында эссе жазудан 7-сыныптар бойынша №26 орта мектептің оқушысы Әсемгүл Бекболат, 8-сыныптар бойынша №25 орта мектептің оқушысы  Диляра Енғам бірінші орынға ие болды. Ал ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан №46 мектептің 10-сынып оқушысы Перизат Қайрат бірінші орын биігінен көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале