Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында бокстан «Елорда Кубогі» халықаралық турнирі өтті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, биыл алғаш рет ұйымдастырылған турнирге Куба, Жапония, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан барлығы 250 боксшы қатысқан. Олар 25 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.
Байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап жас спортшы Сабит Даниял 51 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
zhaikpress.kz