27 наурыз - халықаралық театр күні қарсаңында Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры Ш.Айтматовтың "Арманым - Әселім" (режиссері - Талғат Теменов, суретшісі - Мұрат Мамбетов) қойылымымен онлайн форматта өткен Қырғызстан Республикасының ұлттық "ЭРГУУ" театр жүлдесіне ие болды.
Байқауға шетелдік театр ұжымдары Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының желісімен сахналанған спектакльдерін ұсынды.
"Арманым - Әселім" спектаклі "Қырғыз авторының шығармасын ең үздік сахналаған шетелдік театр" номинациясында 2019 жылы сахналанған үздік қойылым атанды.
Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі