29.03.2021, 9:01
Оқылды: 170

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры Қырғызстан Республикасының ұлттық "ЭРГУУ" театр жүлдесіне ие болды

27 наурыз - халықаралық театр күні қарсаңында Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры Ш.Айтматовтың "Арманым - Әселім" (режиссері - Талғат Теменов, суретшісі - Мұрат Мамбетов) қойылымымен онлайн форматта өткен Қырғызстан Республикасының ұлттық "ЭРГУУ" театр жүлдесіне ие болды.

260978FC-BCCE-453C-9DA3-C57882BA30C5

Байқауға шетелдік театр ұжымдары Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының желісімен сахналанған спектакльдерін ұсынды.

6BE66E7E-C0D2-4721-A2B9-583D6CCE1044

"Арманым - Әселім" спектаклі "Қырғыз авторының шығармасын ең үздік сахналаған шетелдік театр" номинациясында 2019 жылы сахналанған үздік қойылым атанды.

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале