24.09.2025, 17:45
Оқылды: 573

Хисмет Капановтың туғанына 100 жыл

Биыл тарихшы, ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері Хисмет Капановтың туғанына 100 жыл толды.

218de9ea-fe5b-441f-95e5-3989526ca553
Хисмет Қапанұлы Капанов 1925 жылдың
25 қарашасында сол кездегі Орал облысы, Жәнібек ауданы, Орда құмдарындағы Азгир ауылында жарық дүниеге  көрінген. Бұл – бүгінде Капустин Яр деп аталатын әлемге әйгілі атом полигоны орналасқан өңір. Орал қаласының оңтүстік-батысында, Ресеймен шекаралас бұл мекен Хисмет Қапанұлы туған жер ғана емес, қазақтың біртуар тұлғалары түлеп ұшқан киелі топырақ. Батырлар мен билердің, ақындар мен ағартушылардың тал бесігі. Хайдар Хисметұлы әкесі жөнінде естелігімен бөлісті. Азгир ауылында тамаша жеміс бағы мен мөлдір өзен ағып жататын. Табиғаты ерекше, ауасы таза өңірден білімге құштар саналы ұрпақ өсті. Мысалы, тек 1942 жылғы мектеп түлектері арасынан 20 ғылым кандидаты мен докторы, ұлттық қауіпсіздік саласының (КНБ) генералдары тәрбиеленіп шыққан. Бұл – сол ауылдың рухани деңгейі мен тәрбиелік әлеуетінің көрінісі.

Әкеміз еңбекқор, адалдық пен татулықты ту еткен отбасында өсті. Атамыз Қапан өте момын, жұмыскер, әзілқой жан ретінде танылған. Ол кісі Ұлы Отан соғысында Сталинград майданынан Югославияға дейін жеткен майдангер, пулеметші. Соғыс даласында жарақаттанып, еліне оралып, 1956 жылы қайтыс болған. Әжеміз Зейнеп – ауданның белсендісі, тұңғыш коммунистердің бірі болған. Осындай отбасының тәрбиесінде өскен балалары Зинет пен Хисмет нағыз еңбек адамдарына айналып, болашақ өміріне бағыт алған. Жиырмасыншы ғасырдың басында әкелеріміздің басына түскен ауыр алапат сынақ – Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары атамнан қаза тапты деген қара қағаз екі рет келген екен. Осы қайғылы хабарды естіген әкеміз небәрі 17 жасында майданға өз еркімен аттанған. Ол кезде ол әкесінің шейіт болғанына сенімді болған. Бірақ 1945 жылдың көктемінде, тағдыр тосын кездесу сыйлап, екеуі Венаның маңында, шайқас даласында жолығады.Бұл – шынайы, жүрек тебірентерлік оқиға. Біздің отбасымыздағы осы тарихи сәт – өткеннің өнегесі, бүгінгі ұрпаққа қалдырылған ұлы мұра. Әр адамның соғысқа аттануы – нағыз ерлік пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің дәлелі. 1943 жылы Башқұртстандағы Стерлитамак қаласында бір жыл бойы әуе-десант әскерлерінде арнайы дайындықтан өткен. Сол кезеңдегі десантшыларды «Сталиннің баскесерлері» деп аталуы бекер емес еді. Себебі олар ең қауіпті әрі шешуші сәттерде жау тылына парашютпен түсіп, батыл шайқастарға қатысқан. Әкеміз де осындай жаужүрек сарбаздардың қатарында болды. Ол жаудың тылына 28 рет парашютпен секіріп түскен – бұл өз алдына үлкен ерлік. Қаһармандығы мен табандылығы үшін оннан аса орден-медальдармен марапатталған. Карелия мен Украина майдандарында жаумен шайқасып, кейін Венгрия, Чехия, Австрия елдерінфашистерден азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін де ол ерлік рухын жүрегінде мәңгі сақтап, қатардағы жауынгер достарымен жыл сайын Мәскеуде өтетін десантшылар жиынына қатысып жүрген.

e5bb390a-e335-415f-8c4e-2c125d97aedc

Оның мақтанышы – көкшіл түсті десанттық берет еді. Ол сол беретті аса қадірлеп,ерлікпен өткен жастық шағының белгісіндей сақтап өтті,– Хайдар Хисметұлы.

Соғыстан кейін Хисмет Қапанұлы 1946 жылыАбай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі. Оқу орнында үздік оқып, өзқатарластарының алды болған. 1950-1958 жылдар аралығында алдымен Ақтөбедегі қыздар педагогикалық институтында, кейін Орал педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет еткен. 1962 жылы тарих ғылымынан кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған. Қазақстан тарихына қатысты 100-ден астам ғылыми мақала мен еңбектердің ауторы. 1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығыинститутының (қазіргі Жәңгір хан атындағы университет) негізін қалаушылардың бірі ретінде, студенттік кампус қалашығының бой көтеруіне тікелей себепкер болды. Бұл – оның тек ғылыммен ғана емес, білім беру инфрақұрылымына да қосқан үлесінің дәлелі. Тұлғаның есімі елеус із қалмай2014 жылы Орал Халықаралық гимназиясына Хисмет Қапановтың есімі беріліп, оның саналы ғұмыры мен қоғамдық еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ресми түрде танылды. Бұл – тұлғаның тек отбасында емес, ұлттарихындағы орнын айқындайтын лайықты құрмет. Жұбайы БәтимаҚожантайқызы да пайым-парасаты биік жан болған. Ол А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында ұстаздық қызмет атқарып, кейін ұзақ жыл Сәкен Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернатын басқарған. Олар 1950 жылы шаңырақ көтеріп, бір қыз бен екі ұлды тәрбиелеп өсіреді.

photo-output

Бүгінде Хисмет Қапанұлының туғанына 100, Бәтима Қожантайқызының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай, олардың ұрпақтары 2025 жылдың 1 қазанында еске алу іс-шараларын өткізбекші.

Нұрым Ғұмар,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале