5.02.2024, 15:00
Оқылды: 32

ХІХ "Зерде" республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы өз мәресіне жетті

"Биыл 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында Щучинск қаласында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты өткізілді", - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.

4926f6e9e70ed69ce55337f93796eee7_1280x720

Фото: www.gov.kz

Конкурста қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; медицина, психология, экология; технология және өнер секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды.

Еске сала кетейік, байқаудың бастапқы (аудандық) кезеңіне 30 мыңнан астам бала қатысты. Олардың әрқайсысы өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша 369 оқушы байқаудың ақтық кезеңіне өтті.

І дәрежелі дипломмен 14 облыс пен 2 қаладан 42 жеңімпаз марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен 17 облыс пен 2 қаладан 63 жүлдегер марапатталса, ІІІ дәрежелі дипломды 17 облыс пен 2 қаладан 104 оқушы иеленді. Сонымен қатар, ерекше жетістіктері үшін 80 оқушыға грамота табысталды.

«Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған 500 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысып, қорытынды кезеңде 12 мыңға жуық мектеп оқушылары өз жұмыстарын қорғады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале