14.02.2025, 14:45
Оқылды: 282

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы - Азия ойындарының чемпионы

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жазды. 

1739519997
Шайба авторлары:
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
Дмитрий Бреус (21:02)
Роман Старченко (37:59)
Кирилл Панюков (42:24)
Кирилл Панюков (44:23)

Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

1739520788

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

1739520804

Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале