ҚР ҰОК дерегі бойынша, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Фото: olympickz
Аталған жарыста ел намысын 17 спортшы қорғайды. Ерлер арасындағы сында 60 келі салмақта Аман Бақытжан мен Нұраділ Әлжан, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов, 90 келіде Ермахан Әнуарбеков пен Нұржан Бисенов, ал 100 келіден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаев пен Жантілек Нұртілепұлы бақ сынайды.
Ал әйелдер сайысында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева, 52 келіде Меруерт Сәрсенова мен Аружан Ережепова, 57 келіде Дана Әбдірова, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 70 келіде Ажар Асхат, 78 келіде Екатерина Токарева және 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова татамиге шығады.
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, ал Grand Slam турнирі 13-15 қараша аралығында өтеді.