11.01.2023, 21:46
Оқылды: 11

Якутияда 60 градус аяз тіркелді

Сәрсенбі күні таңертең Ресейдің Якутияның Оймякон ауылында минус 60 градус аяз тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

AC3D1B01-C0DF-465C-A0E2-D9B78561605F-e1668666985303

Сурет: иллюстрация. Орал қаласы

Оймякондағы ауа температурасы Мәскеу уақыты бойынша 00:00-де минус 60 градусты көрсетті. Оймякон ауданына қарасты облыс орталығы Усть-Нера ауылында 58 градус аяз тіркелді.

Бір күн бұрын минус 60 градус және одан төмен ауа температурасы Якутияның Оленек ауданындағы бақылау нүктелерінде минус 56 градус (Жилинда) және минус 52 градус (Оленёк) байқалады.

Айта кетсек, Якутияның екі елді мекені - Верхоянск және Оймякон жердің солтүстік жарты шарындағы ең суық нүкте. Онда бұған дейін минус 67 градус температура тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале