17.10.2023, 16:30
Оқылды: 4

Ясмин Дюсембаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

yasmin_dyusembaeva_i_1697452336

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Ясмин финалда Болгария өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ұлдар арасында тағы бір қазақстандық Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинге жол берді – 1:6, 1:6.

Ахмади есесіне жұптық сында Балқан Нұрдәулетпен бірге соңғы бәсекеде словакиялық Леонард Нипц – украиналық Егор Романютты 6:1, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаздар қатарына қосылды. Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге финалда испаниялықтар Пелас – Бельтранға есе жіберді – 3:6, 4:6.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале