8.10.2021, 11:00
Оқылды: 148

«YNTYMAQ» жұмысты жандандырмақ

Ақ Жайық өңіріндегі «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның БҚО филиалы өзінің жұмысын жандандыруға кірісті.

Салалық кәсіптік одақ филиалының төрағасы Құрманғазы Алхамұлының айтуынша, еліміздегі «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы – ірі қоғамдық ұйым. Ол кәсіпкерлік пен бизнес, сауда, кооперация мен қызмет көрсету, тауар өндіру, көлік, кәсіпорындар мен мәдениет, білім мен ғылым, фармацевтика, білім беру салаларындағы мекеме-ұйымдардың қызметкерлерін, студенттерді, жеке кәсіпкерлерді біріктіреді. Бүгінде салалық кәсіподақтың 48 863 мүшесі бар, оның құрамына 17 мүшелік ұйым мен 806-дан астам бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді.

WhatsApp Image 2021-10-08 at 10.59.20

– Қыркүйек айында кәсіптік одақтың кезектен тыс ІІ сиезі өтті. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің төрағалығымен өткен жиында салалық кәсіподақ алқасының 2018-2021 жылдардағы қызметінің және салалық кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының  есептері тыңдалып, 2021-2025 жылдарға арналған міндеттері сараланды. Кәсіподақтың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сиезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгілеген мемлекеттік саясаттың бағдарлары әлеуметтік мәселелерді шешуге, еліміздің өндірістік әлеуетін өсіруге, ең маңыздысы – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Қазіргі кезде кәсіподақтардың алдына азаматтарды толғандыратын  күрделі сұрақтарға жауап бере алатын, іс жүзінде көмек көрсететін халықтық кәсіподақ болу міндеттері қойылған. Соған орай 2018 жылы құрылған облыстық филиал да осы талаптар үдесінен шығуды көздейді. Енді филиал қызметіне жаңа леп енгізу бағытында жұмыстанамыз, – деді Құрманғазы Алхамұлы.

Төраға кәсіподақ ұйымына қаладағы өндіріс орындарын, мекеме-ұйдарын, ауыл-аудандардағы шаруа қожалықтарын, өзін-өзі қамтушыларды, кәсіпкерлерді, жеке кәсіпкерлік нысандарын, сауда-саттық (базарлардағы) сатушыларды мүшелікке тартатындарын айтады. Ауыл-аймақта жалдамалы жұмысшы-
ларға жалақы төлеуде көптеген түйткілдер бары анық.  Осындай олқылықтарды азайту мақсатында бастауыш ұйымдар құрып, олардың қызметтерін үйлестірмек. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын, өндірістік, кәсіптік және өзге де заңды мүдделерін, құқықтарын қорғауды да іске асырады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару құрылымдарында, соттарда, халықаралық мемлекетаралық,
мемлекеттік емес ұйымдарда кәсіпкерлік саласындағы еңбек кепілдіктері бойынша мүшелік ұйымдардың мүддесін білдіреді, қорғайды.

«YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның БҚО филиалы өзінің қатарын жаңа мүшелермен толықтыруға асық. Аталмыш филиал Орал қаласында-
ғы Назарбаев даңғылындағы 184/1 мекенжайында (440-бөлме)  орналасқан. Немесе 8 (7112) 51-19-26 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале