Ырысбек Рашид – Батыс өңірінде бәйге спортындағы жаңа есім.
Бүгін ол V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында аламан бәйгеге Жезкиік деген арғымақпен түсті.
Ырысбектің алдында үлкен «майдан» тұр. Себебі даланың даңқты дарабозы Жұмыртұяқ пен қырғыздың үкілі үміті Қарақыз атты қазанаттармен қатар шабады.
Ырысбек мінген аттың иесі – Әлібек Момбеков. Бапкері – Азамат Мирсалимов.
Аламан бәйгеде Қазақстан, Қырғызстаннан бөлек, Маңғолия, Ресей, Өзбекстан және Түркия мемлекетінің сәйгүліктері сынға түсіп жатыр.
Бауыржан Ширмедиұлы
Сырым ауданы