1.02.2024, 9:16
Оқылды: 55

Юлия Путинцева Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті

"Қазақстандық, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

yuliya_putinceva_tai_1706750587

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 71-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасты.

Екі партия да тартысты өтіп, 7:6 (7:0), 7:6 (7:1) есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Юлия жартылай финалға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале