28.04.2023, 11:46
Оқылды: 112

Юрий Ильин азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

акша1

«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Бірінші кезекте қарапайым өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың 70% - ға дейін көтерілді, қазір өрт сөндірушінің орташа жалақысы жүз жиырма мың теңгеден екі жүз мың теңгеге дейін өсті. Сәуір айында үш айға қайта есептеу жүргізілді.

Қол жеткізілген осы көрсеткіштерде тоқталмай, біз құтқарушылардың жалақысын одан әрі арттыру үшін жұмыс жасайтын боламыз», - деп елорда тұрғындарымен есептік кездесу барысында Қазақстанның ТЖ министрі Ю.Ильин айтты.

Сонымен қатар, министрлік 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар әзірледі.

Негізгі іс-шаралардың бірі-азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту. Бұл тұрғын үй және көтермелеу төлемдері, сондай-ақ кезекшілікті жүзеге асыру кезіндегі тәуліктік рациондар.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале