12.01.2022, 15:00
Оқылды: 186

Заманауи құрылғымен көзге ота жасалды  

Бүгін облыстық көпбейінді аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінде отаға арналған оптикалық Leica микроскобының көмегімен суқараңғылыққа шалдыға  (глаукома) бастаған  науқасқа ота жасалды. Швейцариялық заманауи талшықты  микроскоп облыстық көпбейінді ауруханаға былтыр жыл аяғында  сатып алынған. Бұл өз кезегінде катаракта, суқараңғылық дерттеріне шалдыққан науқастарға ота жасауда, яғни олардың көздерінің құрылысын көріп, ақауын анықтауда дәрігерлерге қолдау болмақ.  

3

4

-Облыстық көпбейінді аурухананың офтальмалогиялық бөлімшесі 40 төсек-орынға арналған. Былтыр 27 желтоқсан күні көзге ота жасауға арналған соңғы үлгідегі Leica 822 микроскобын алдық. Бұған дейін Leica 620 микроскобы болды. Жалпы көзге жасалатын оталардың барлығы микроскоптың көмегімен жасалды. Заманауи құрылғы үшін облыс әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғысымызды айтамыз. Ота жасай бастадық. Leica 822-нің көмегімен көздің талшықтарын, тамырларын бәрін анық көрдік. Суқараңғылық көбіне көздегі қан қысымының жиі көтерілуінен пайда болады. Ота 20-25 минут аралығында жасалады. Облыста көз аурулары бойынша жылына 1200-1300 ота жасалады,- деді Облыстық көпбейінді аурухананың офтальмалогиялық бөлімше меңгерушісі Төлеген Ишанов.

2

Гүлсезім Бияшева,

Фото: Э. Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале