10.11.2022, 13:01
Оқылды: 57

"Заң керуені" акциясы өтті

Жуырда Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде "Заң керуені" ведомствоаралық жұмыс тобы жеке құраммен кездесу ұйымдастырды.

14

Басқосуға Орал гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Марат Бұтұмбаев, ҚР IIM ӘТД Батыс өңірлiк әскери тергеу басқармасы Ақтөбе бөлiмi Орал тобының жедел уәкілі подполковник Нұрсұлтан Салдарбекұлы қатысты.

15

Аталмыш акцияның мақсаты - жедел құқықтық көмек, құқықтық мәдениет деңгейін және құқық органдарының құқық қорғау рөлін арттыру болатын. Сондай-ақ кездесуде 20 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті тыс сайлауы туралы да айтылды. Арнайы топпен өткізілген кездесуде жеке құрам көкейіндегі сауалдарын қойып, оларға жауаптар берілді. Жиын қортындысымен хаттама жасақталып берілді, тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале