Бүгін Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы Заң клиникасында Орал қалалық маслихатының депутаты, Мұстақым Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ директоры Азима Ғұбашева қабылдау өткізді.
Қабылдауда Жоғары-аграрлық техникалық колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы колледж оқытушыларының ішінде магистратура дәрежесін алған мамандарға жалақысына үстемақы қосылмау себебін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі мамандары өңірдегі ұстаздар мен сала қызметкерлерінің өтініштері бойынша сауалдар қойды. Салалық кәсіподақ ұйымының заңгер маманы Г.Құрманғазиева көпшілік мектепке дейінгі ұйымдар, мектеп-интернаттар мен балабақшаларда кір жуу операторлары қызметін атқаратын мамандарға сауықтыру жәрдемақысы мен разряд көрсеткіші төленбеу себептерін анықтау қажеттігін атап өтті. Белгіленген мәселе бойынша аталған мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту курстарын өткізу үшін кәсіподақ саласы мамандары, білім басқармасы мамандары, кәсіптік оқыту ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен кеңесу жиналысы өткізілетін болды.
Заң клиникасының басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері үшін еңбек құқығы мәселелері бойынша ақысыз заңдық кеңес беру. Өтініш білдірушілердің назарына, еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарды Заң клиникасының заңгер мамандарына қоюына болады.
Байланыс телефоны: 8(7112) 24-32-5
zhaikpress.kz