Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

2.09.2021, 16:28
Оқылды: 187
Заң клиникасының заңнамалық көмегі көп

Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы жанынан Заң клиникасы жұмысы мамыр айында бастау алды. Осы уақыт ішінде клиникаға 50-ге жуық өтініш түсіп, шешілмеген түйін боп көрінгенмен, біреуі де сотқа жетпей өз шешімін тапты.

 WhatsApp Image 2021-09-02 at 11.36.37 (1)

«Одақтар үйі» ғимаратында ашылған заң клиникасының басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері үшін еңбек құқығы мәселелері бойынша ақысыз заңдық кеңес беру. Құрамында облыстық кәсіподақтар орталығының, салалық кәсіподақ ұйымдарының заңгерлері мен медиаторлар бар.

Жиі кездесетін өтініштер бюджеттік мекемелер өкілдері, кіші қызметкерлер мен медицина қызметкерлері тарапынан болды. Көкейкесті мәселелердің алды қызметкерлерге үстеме жұмыстың  берілуі, мейрам күндері жұмысқа шақырылуы, еңбекақыны дұрыс төлемеу мәселелері, вакцинация алу сұрақтары. Әр сұрақтың шешімін табуда заңгерлер мен медиаторлар үлкен септігін тигізіп, шешу жолдарын көрсетуде.

WhatsApp Image 2021-09-02 at 11.20.38 (1)

Бүгінгі таңда заңнамалық көмекке жүгінген кәсіподақ мүшелеріне 5 қалалық емханасының директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ажғалиев азаматтық қабылдау өткізсе, сондай-ақ, Кәсіподақтар орталығының әлеуметтік әріптесі, медиация орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі  Махамбет Сұлтанғалиев өз кезегінде еңбек дауларын шешуге үлкен үлес қосуда.
Алдағы уақытта Заң клиникасында облыстық, қалалық маслихат депуттаттары, заңгерлер, әр саланың білікті мамандары қабылдау өткізуі жоспарлануда. Өзекті сұрақтары, шешілмеген түйіні бар жұмысшыларға Н.Назарбаев даңғылы 184/1 мекен жайында орналасқан Заң клиникасының есігі ашық екенін жеткіземіз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале