25.07.2024, 12:00
Оқылды: 213

Заң талабына бәрі де бағынуға тиіс – маман

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Тасқын Ақбаев ӨКҚ өткізген брифингте сыбайлас жемқорлық қаупін азайту мақсатында атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

90C27B7D-3983-4F9F-9298-110D71FB73AA

Ақбаевтың айтуынша, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен жеке байланысын болдырмау мақсатында әкімшілендірудің негізгі режімдері аутоматтандырылды. Экспортталатын және импортталатын тауарларды декларациялау «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы қашық режімде электрондық тәсілмен жүргізіледі.

Кедендік бақылау бойынша бірқатар шаралар орталықтан қадағаланады.

Саланы цифрландыру себебінен азаматтар мен жеке кәсіпкерлердің үйден шықпай немесе салық органдарына бармай салықтарды төлеуге, салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуына, ЖК ретінде тіркелуіне және салық міндеттерін орындауына мүмкіндік беретін «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Виѕѕіnеѕ» сияқты мобилді қосымшалар пайдаланылуда. Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық түрде көрсетіледі.

Жыл басынан бері МКД 350,5 мың қызмет көрсетті (348,8 мыңы немесе 99,4%-ы – электронды қызмет). Аталған департамент басшысының орынбасары Тасқын Тұрағалдыұлы жемқорлыққа жол бермес үшін ұйым қызметіне ішкі талдау жүргізілетінін айтты.

Өткізу пункттерінде бейнебақылау камералары онлайн режімде орнатылған. Пара алу жағдайына куә болғандар «Сенім телефоны» арқылы хабарласа алады.

Ақбаев салық төлеушілердің өздері мемлекеттік кіріс органдарында «бармақ басты, көз қыстыға» себеп болатын жағдай жиі болатынын жасырмады.

«Өздеріңіз білетіндей, салық төлеушінің пайдасына салық салудан босату үшін немесе басқа да жағдайда сыйақылар мен пара беру арқылы заңсыз шешімдер қабылдауға итермелейтін жосықсыз кәсіпкерлер бар», - деген МКД өкілі пара бергені үшін айыппұл мөлшері бірнеше есе өскенін ескертті.

Нұрлан Ғаппар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале