Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Заң және тәртіп» аясында Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Амангелді Айнұр Талғатқызымен кездесу өтті.
Шараға колледж директоры А.Ж. Қайрлиева, студенттер мен топ жетекшілері қатысты. Құқықбұзушылық көп жағдайда заңды білмеуден, тәртіпті сақтамаудан болатындығын айта келіп Айнұр Талғатқызы кәмелетке толмағандар арасында қаламызда орын алған қылмыс түрлері, олардан сақтану туралы бейнематериалдар арқылы кеңінен баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Колледж басшысы Алтынгүл Жақсығұлқызы колледж студенттерінің негізгі мақсаты- білім алу, колледж тәртібін сақтау, ата-ананың ақылы мен ұстаздарыңның кеңесіне құлақ асу, дұрыс орта табу екендігіне тоқталып, келеңсіз жағдайлардан сақтандырды.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі