Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов салафизмге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Ерлан Қошановқа «Елімізде әсіредіншілдердің, яғни салафиттердің даусы қатты шыға бастады. Бұл елімізге қауіпті емес пе? Қазақстан Мәжілісі салафизмге ресми түрде қашан тыйым салады?», - деген сұрақ қойылды.
«Жаңа ғана бір депутатымыз «домбыра харам» дегенге байланысты депутаттық сауал жолдады. Көрдіңіздер. Енді осыны айтып жүргендер дұрыс па, дұрыс емес пе? Соны айтып жүрген азаматтарға айтар едім, біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз күнәһар болғаны ма сонда? Констиутциямызға қайшы әрекет етіп, діни ағымда жүрген азаматтарға, әрине, заң түрінде тыйым салуымыз керек», - деді спикер.