18.03.2024, 12:45
Оқылды: 6

Заңғар Нұрланұлы Хорватиядағы турнирдің финалисі атанды

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Хорватияның Врсар қаласында ITF Juniors J300 сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті.

zangar_nurlanuly_hor_1710737715

Фото: ktf.kz

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чехиялық Мартин Дошкошилмен бірге жұптық сында табысты өнер көрсетті.

Қазақстандық-чехиялық дуэт финалға дейін жетіп, тек соңғы бәсекеде ғана хорватиялық Максимович – сербиялық Маркоринаға жол берді – 2:6, 3:6.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале