14.08.2024, 16:15
Оқылды: 124

«Заңсыз құрылысқа жол жоқ!» – маман

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы биылғы бірінші жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардың 309 өтінішін қараған.

A34555C6-DBB1-4640-B44A-E219DD7087AA

– Шағымдануға негізгі себептер құрылысқа бастапқы рұқсат құжаттарының болмауы, қабылданған немесе салынып жатқан нысандар сапасының төмен болуы, құрылысқа қатысушы субъектілердің орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қоюы және басқалар. Басқарма осы деректер бойынша жоспардан тыс 50 тексеріс тағайындап, бұзушылықтарды жою туралы 30 нұсқамаберді. Сәулет, қала құрылысы  және құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін құрылыс субъектілеріне қатысты 72 іс қозғалды, деді аталған басқарманың басшысы Азамат Агелеуов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Баяндамада мәлім болғандай, әкімшілік істің басым бөлігі, яғни 54-і құрылысқа тапсырыс берушілерге қатысты қозғалып отыр. Ал техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратындарға қатысты 4, лауазымды адамға қатысты 6 іс. Сонымен бірге ауторлық қадағалауды жүзеге асыратындарға, мердігер және жобалау ұйымдарына, техникалық тексеріс жүргізетін адамдарға қатысты да істер бар. Барлығы 14 529 866 теңге көлемінде айыппұл салынып, 6 нысанының құрылысы тоқтатылған.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, былтыр бірінші жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардың 305 өтініші қаралып, 68 әкімшілік іс қозғалған. Басқарма қызметкерлері өңірдесу тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйлердің сапасын бақылауда.

Басқарма басшысы Азамат Мұратұлы нысандарды салу қағидаларына тоқталып өтті. Мәселен, құрылысшы құрылыс-монтаждау жұмысын (ҚМЖ) бастамас бұрын рұқсат беру рәсімдерінен өтуі қажет. Алдымен құрылыс жобаларын әзірлеуүшін бастапқы материалдарды алып, эскизді әзірлеп, келіседі. Жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеп, құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізеді. Содан кейін  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жәнеқадағалауын жүзеге асыратын құрылымдарға құрылыс-монтаждау жұмысының басталғанын хабарлауы тиіс. Алайда көп жағдайда құрылысшылар уақытты үнемдеу үшін жұмысты заңнама талаптарын бұзып, аталмыш рәсімдерден өтпей-ақ бастай береді. Сондықтан басқарма мамандары қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, салынып жатқан нысандарға мониторинг жүргізеді. Мәселен, биыл 15-тен астам құрылыстың өз бетінше салынып жатқанын анықтаған. Негізгі бұзушылықтар құрылысқа ЖСҚ-ның немесе бұл құжат бойынша оң қорытындының болмауы, техникалық және ауторлық қадағалау сүйемелдеуінің және ҚМЖ басталғаны туралы хабарламаның болмауы болып отыр. Айта кететін жайт, елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы нысандарды өз бетінше салуға болмайды. Мұндай құрылысты жүргізген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған нысан  бұзылады.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале