Бүгін Зашаған кентінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай абаттандыру жұмыстары аясында Байтақ 4,6 және Сейтов 1/3, Саратов 22,24,26 мекенжайлары бойынша жұмыстар толықтай аяқталып, мекемелер қолданысқа берілді.
Жоба аясында спорт және балалар ойын алаңы, жарықтандыру, арық жүйесі, қоқыс алаңдары, бейнебақылау камерасы, воркаут құрылғылары қарастырылған. Жалпы аула аумақтарын абаттандыруға 90 млн теңге қаражат бөлінген.
Сонымен қатар, Жәңгір хан 71 мекенжайы бойынша спорт кешені және балалар ойын алаңы, қолданысқа берілді. Жоба құны 27 млн теңгені құрайды.
Рафхат Халелов